Ереже

«Орал қаласының құрылыс бөлімі»  мемлекеттік мекемесі туралы Ереже 

1.Жалпы ережелер

1. «Орал қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі Орал қаласының аумағында құрылыс саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Орал қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі  өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Орал қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4.«Орал қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5.«Орал қаласының құрылыс бөлімі»  мемлекеттік мекемесіне егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. «Орал қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі  өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Орал қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. «Орал қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жері. Қазақстан Республикасы, индексі 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1.

9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Орал қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

10. Осы Ереже «Орал қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

11. «Орал қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.

 12. «Орал қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен  «Орал қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Орал қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі. 

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері 

13. «Орал қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:                   

Орал қаласы мен оның құрамындағы елді мекендерде бекітілген қаланың бас жоспарына сәйкес құрылыс саласындағы бірыңғай саясатты белгілеу және асыру болып табылады.

14. Міндеттері:

1) құрылыс алаңдарын таңдау, дайындау;

2) қажетті барлық рұқсаттар мен келісімдерді алу;

3) жобалау-сметалық құжаттамаларды дайындау және бекіту;

4) ережеге сәйкес, құрылыс саласында  тауарларды жеткізуге, жұмыстарды орындуға, қызмет көрсетуге және шарттар жасасуға конкурс негізінде орындаушылар таңдау;

5) мердігерлердің шарттарымен қарастырылған материалдар мен өзге де ресурстарды жеткізу;

6) жұмыс сапасын бақылау;

7) орындалған жұмыстарды қабылдау;

8) жұмыстар мен қызмет көрсетулерге уақытылы төлем жүргізу,

9) нысананы пайдалануға беруге тапсыру;

10) нысананы меншікке немесе пайдаланушы ұйымға тапсыру;

11) пайдалануға тапсыру кезеңінде жұмыстардың сапалылығын бақылау.     

15.Функциялары:

1) ұзақ мерзімді, орта мерзімді жобалар мен күрделі құрылыс пен қайта құрылымдаудың ағымдағы жоспарларын дайындауға қатысу;

2) қаржылық қаражаттың нысаналы және оңтайлы жұмсалуын және олардың тиімділігін арттыруды, құрылысы аяқталмаған көлемдерді қысқартуды қамтамасыз ету;

3)  жобалау ұйымдарымен және бас мердігерлермен шарттар жасасу, шарт міндеттерінің орындалуын бақылау;

4) тұрғын үй құрылысының және оны инженерлік желілерімен қамтудың аймақтық бағдарламаларын дайындау, келісу, мониторинг жүргізу және бақылау;

5) құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүддені қорғау мәселелері жөнінде республикалық және облыстық аумақтық мемлекеттік жобаларды сараптау бөлімшелерімен, мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясымен өзара жұмыс жасау;

6) инженерлік және коммуналдық қамту көздеріне қосуға арналған техникалық шарттарды жинау;

7) республикалық, облыстық және қалалық бюджеттерден қаржыландырылатын нысаналар мен құрылымдарды жобалауға, қайта құруға және салуға конкурстық рәсімдерді ұйымдастыру және өткізу;

8) нысананы пайдалануға қабылдауға қажетті құжаттамалар толық жинағын дайындау;

9) жұмыс және мемлекеттік қабылдау комиссияларының жұмыстарын қамтамасыз ету;

10) құрылысы аяқталған нысаналарды коммуналдық меншікке тапсыру;

11) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес басқа да қызметтер.

16. Құқықтары мен міндеттері:

1) заңнамада және басқа нормативтік актілерде белгіленген тәртіппен өз құзіретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардан қажетті құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға;

2) жасалған келісім-шарттарда көрсетілген шарттарды тиісті түрде орындауға қатысты мердігерлердің жұмысын үйлестіруге;

3) жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік құрылыс саясатына сәйкес елді мекендер аумағы шегінде азаматтардың тіршілікке қолайлы ортада өмір сүруіне қатысты құқығын қорғауға бағытталған ұсыныстар түсіруге.

3.Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру 

17. «Орал қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшылықты «Орал қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

18. «Орал қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын заңнамада белгіленген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

19. «Орал қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

20. «Орал қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:                   

1) мемлекеттік мекеме қызметкерлері арасындағы міндеттер мен өкілеттіктерді белгілейді;

2) стратегиялық және ағымдағы жоспарларды бекітеді;

3) мемлекеттік мекеменің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

4) барлық ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүдделерін білдіреді;

5) заңнамада белгіленген жағдайлар мен шектерде мүлікке иелік етеді;

6) шарттар жасасады;

7) сенімхаттар береді;

8) қызметкерлердің іссапарлары, машықтанулары, қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқуы және қызметкерлердің біліктілігін арттырудың өзге де түрлері бойынша мемлекеттік мекеменің тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

9) банктік шоттар ашады;

10) өзінің құзіреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;

11) мемлекеттік мекеменің уәкілетті орган тағайындайтыннан басқа қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан боатады;

12) мемлекеттік мекеменің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша бөлім отырыстарын, мәжілістерін және басқа да іс-шаралар өткізеді;

13) мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне көтермелеу шаралары мен тәртіптік жаза қолданады;

14) мемлекеттік мекемедегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстардың жағдайына дербес жауап береді;

15) заңнамамен, осы Ережемен және уәкілетті органмен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

«Орал қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

21.Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

22. «Орал қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын «Орал қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы басқарады.

4.Мемлекеттік органның мүлкі 

23. «Орал қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Орал қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

24. «Орал қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік республикалық/коммуналдық меншікке жатады.

25.Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Орал қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ. 

5.Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

26.«Орал қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.