Есептілік

12 ай бойынша «Орал қаласының құрылыс бөлімі» ММ-сі бойынша ақпарат

Тұрғын үйлер

2018 жылы мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде Орал қаласындағы көп қабатты ТЖЖ-да 15 тұрғын үйдің (немесе 2164 пәтер) құрылысы жүргізілуде, жалпы ауданы – 126 мың м², нысандардың жалпы құны – 20,7 млрд.теңгені құрайды.

Оның ішінде 12 үй ҚТҚЖБ-ң салымшыларына (Дақ 1,43 - аяқталды. №1, №2 Солтүстік-шығыс аудандағы үйлер, Дақ 44,45,46,49,50,51,52 – 2019 жылға ауыспалы)

         1. БҚО Орал қаласының Орал-Атырау және Орал-Саратов тас жолдары аралығындағы көп қабатты ТЖЖ-дағы №1 дақ, 10-9 қабатты тұрғын үйлер кешені (байлам) – Мердігер «ЖайыкСельСтрой» ЖШС – нысан құрылысы аяқталды 14.09.2018 ж. нысанның құны – 1,0 млрд.теңге

         2. БҚО Орал қаласы Орал-Атырау, Орал-Саратов тас жолы ара- лығындағы көпқабатты құрылыс салу ДЖЖ-нің ірі панелді сызбасы бойынша 9 қабатты 90 пәтерлік № 43 Белгі тұрғын үй салу (сыртқы инженерлік желілерсіз) - Мердігер «Болашак-Т» ЖШС - нысан құрылысы аяқталды 20.07.2018 ж. нысанның құны – 810,963 млн.теңге

         3. БҚО, Орал қаласының Солтүстік-Шығыс бөлігіндегі 9 қабатты №1 көппәтерлі тұрғын үйді ірі панелді схема бойынша салу (сыртқы инженерлік желілерсіз) – Мердігер «Болашак-Т» ЖШС - нысан 2019 жылға ауыспалы, нысанның құны – 1,69 млрд.теңге

         4. БҚО, Орал қаласының Солтүстік-Шығыс бөлігінде монолитті-қаңқалы схемада 9 қабатты №2 көппәтерлі тұрғын үй салу (сыртқы инженерлік желілерсіз) - Мердігер «СКФ Отделстрой» ЖШС - нысан 2019 жылға ауыспалы, нысанның құны – 1,31 млрд.теңге

         5. БҚО, Орал қаласы, Солтүстік-шығыс бөлігіндегі монолитті-қаңқалы сызбадағы №7 9 қабатты көппәтерлі тұрғын үй салу (Сыртқы инженерлік желілерсіз және абаттандырусыз) – Мердігер «Алтим» ЖШС – нысан 2019 жылға ауыспалы, нысанның құны – 1,59 млрд.теңге

         6. БҚО, Орал қаласы, Зашаған кентінде ірі панельді схема бойынша № 44 бөлік 9 қабатты көп пәтерлі тұрғын үй салу (сыртқы инженерлік желілерсіз)- Мердігер «Болашак-Т» ЖШС- нысан 2019 жылға ауыспалы, нысанның құны – 785,967 млн.теңге

         7. БҚО, Орал қаласы, Зашаған кентінде ірі панельді схема бойынша № 45 бөлік 9 қабатты көп пәтерлі тұрғын үй салу (сыртқы инженерлік желілерсіз)- Мердігер «Болашак-Т» ЖШС - нысан 2019 жылға ауыспалы, нысанның құны – 784,327  млн.теңге

         8. БҚО, Орал қаласы, Зашаған кентінде ірі панельді схема бойынша № 46 бөлік 9 қабатты көп пәтерлі тұрғын үй салу (сыртқы инженерлік желілерсіз) Мердігер «Болашак-Т» ЖШС- - нысан 2019 жылға ауыспалы, нысанның құны – 1,02 млрд.теңге

         9. БҚО Орал қаласы Зашаған кентінің монолитті-қаңқа схемасы бойынша 9 қабатты №49 көппәтерлі тұрғын үй салу (сыртқы инженерлік желілерсіз) - Мердігер «Альтаир» ЖШС - нысан 2019 жылға ауыспалы, нысанның құны –1,93 млрд.теңге

         10. БҚО Орал қаласы Зашаған кентінің монолитті-қаңқа схемасы бойынша 9 қабатты №50 көппәтерлі тұрғын үй салу (сыртқы инженерлік желілерсіз) – Мердігер «КурылысТаймКонтракт» ЖШС - нысан 2019 жылға ауыспалы, нысанның құны –1,16 млрд.теңге

         11. БҚО Орал қаласы Зашаған кентінің монолитті-қаңқа схемасы бойынша 9 қабатты №51 көппәтерлі тұрғын үй салу (сыртқы инженерлік желілерсіз) – Мердігер «ТаскалаТрансГаз» ЖШС - нысан 2019 жылға ауыспалы, нысанның құны –1,99 млрд.теңге

         12. БҚО Орал қаласы Зашаған кентінің монолитті-қаңқа схемасы бойынша 9 қабатты №52 көппәтерлі тұрғын үй салу (сыртқы инженерлік желілерсіз) - Мердігер «Альтаир –СК7» ЖШС - нысан 2019 жылға ауыспалы, нысанның құны –1,76 млрд.теңге.

 

Сонымен қатар, 3 үй халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтары үшін (сатып алу құқығынсыз кезектегілерге)(Дақ 39 – құрылысы аяқталды, дақ 41, №4 Солтүстік-шығыс бөлік – 2019 жылға ауыспалы).

         1. БҚО Орал қаласының Орал-Атырау және Орал-Саратов тас жолдары аралығындағы ТЖЖ көп қабатты құрылыстағы 9 қабатты 4 кіреберісті 180-пәтерлік қаңқалы-панельді тұрғын үй құрылысы. Дақ №39Мердігер «Болашак-Т» ЖШС – нысан құрылысы аяқталды 17.08.2018 ж. нысанның құны – 1,4 млрд.теңге

         2. БҚО Орал қаласы Орал-Атырау, Орал-Саратов тас жолдары ара- лығындағы ТЖЖ көпқабатты құрылыс салудағы №41 белгі 9 қабатты тұрғын үй салу (сыртқы инженерлік желілерсіз) – Мердігер «Альтаир» ЖШС - нысан 2019 жылға ауыспалы, нысанның құны – 1,9 млрд.теңге

         3. БҚО, Орал қаласының Солтүстік-Шығыс бөлігіндегі монолитті- қаңқалы схемасы бойынша 9 қабатты №4 көппәтерлі тұрғын үйді салу (сыртқы инженерлік желілерсіз) – Мердігер «СКФ Отделстрой» ЖШС - нысан 2019 жылға ауыспалы, нысанның құны – 1,6 млрд.теңге

Қазіргі уақытта 1 жоба – мемлекеттік сараптамада (№3 Солтүстік-шығыс бөлік (түзету)) және 4 жоба бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды (Солтүстік-шығыс бөліктегі №5,6 үйлер, Дақ 47,48,).

Инженерлік желілер

2017 жылы инженерлік желілердің құрылысы басталды және ағымдағы жылы аяқтау жоспарланып отыр (ИКЖ дақ 1,3,4,21, ИКЖ дақ 32,34,35,40, ИКЖ дақ 5,6,33,43) жалпы ұзындығы - 12,8 км, жалпы құны – 471,426 млн.теңге, сонымен бірге құрылыстары жүргізіліп жатыр (ИКЖ дақ 39,41 ИКЖ дақ 26,27), жалпы ұзындығы – 2,03 км, жалпы құны -216,102 млн.теңге    аталған инженерлік желілердің құрылысы Зачаганск кентіндегі жаңадан салынған көп қабатты тұрғын үйлерді инженерлік желілермен және абаттандырумен қамтамасыз етеді. Жоғарыда көрсетілген нысандардың мердігер мекемелері «ТаскалаТрансГаз» ЖШС-гі, «КСG» ЖШС-гі, «Тоби» ЖШС-гі, «Dike» ЖШС-гі, «Жайыксити» ЖШС-гі.

Қазіргі уақытта Деповская көшесіндегі МЖӘ бағыты бойынша салынған жаңа тұрғын үйлер инженерлік желілермен және абаттандырумен қамтамасыз етілді.

 «Ақжайық» шағынауданындағы инженерлік желілер

Инженерлік желілердің жалпы ұзындығы – 136,8 км, жалпы құны – 3,76 млрд. теңге.

Оның ішінде: Сумен жабдықтау – Мердігер «ПМК-117» ЖШС-гі - ұзындығы – 23,4 км – Нысанның жалпы құны – 370,025 млн.теңге. Игерілді – 333,023 млн.теңге. Қалғаны – 37,002 млн.теңге

                     Электрмен жабдықтау – Мердігер «Электромонтаж» АҚ-ы ұзындығы - 91,9 км – Нысанның жалпы құны – 2 338,802 млн.теңге. Игерілді – 861,197 млн.теңге. Қалғаны – 1 477,605 млн.теңге

                                               Газбен қамту – Мердігер «Лайгэ» ЖШС-гі - ұзындығы - 10,9 км – Нысанның жалпы құны – 329,225 млн.теңге. Игерілді – 246,302 млн.теңге. Қалғаны - 82,923 млн.тенге.

                                               Кәріз желісі – Мердігер «КСG» ЖШС-гі - ұзындығы - 10,6 км – Нысанның жалпы құны – 731,275 млн.теңге. Игерілді – 282,640 млн.теңге. Қалғаны – 448,636 млн.теңге.

Спорт нысандары

Бөліммен 10 спорт – ойын алаңдарының құрылысы жүргізіліп, аяқталды:

         1. «БҚО, Орал қаласының Свободная көшесі №47 тұрғын үйі аумағындағы спорт кешенінің және балалар ойын алаңдарының құрылысы»; Мердігер «РиалТехно» ЖШС-гі – Нысанның жалпы құны – 22,152  млн.теңге.

                   2. «БҚО, Орал қаласының Урдинская көшесі №4/1 тұрғын үйі аумағындағы спорт кешенінің және балалар ойын алаңдарының құрылысы»; Мердігер «БатысКотлоМонтаж» ЖШС-гі – Нысанның жалпы құны – 10,428  млн.теңге.

                   3. «БҚО, Орал қаласының Солтүстік-Шығыс шағынауданындағы №32,13,15/1,15/2 тұрғын үйлері аумағындағы спорт кешенінің және балалар ойын алаңдарының құрылысы»; Мердігер «БатысКотлоМонтаж» ЖШС-гі – Нысанның жалпы құны – 22,798  млн.теңге.

         4. «БҚО, Орал қаласының Сырым Датов көшесі №32/2к2,32/2к1 тұрғын үйі аумағындағы спорт кешенінің және балалар ойын алаңдарының құрылысы»; Мердігер «РиалТехно»ЖШС-гі – Нысанның жалпы құны – 48,635  млн.теңге.

         5.«БҚО, Орал қаласының Циолковская көшесі №10 тұрғын үйі аумағындағы спорт кешенінің және балалар ойын алаңдарының құрылысы»; Мердігер «Dizain-D.A.» ЖШС-гі – Нысанның жалпы құны – 48,979  млн.теңге.

                   6.«БҚО, Орал қаласының Евразия даңғылы №105,107, Ярославская көшесі №8 және Щурихина көшесі 5 тұрғын үйлері аумағындағы спорт кешенінің және балалар ойын алаңдарының құрылысы»; Мердігер «БатысКотлоМонтаж» ЖШС-гі – Нысанның жалпы құны – 29,060  млн.теңге.

                   7.«БҚО, Орал қаласының Құрманғазы көшесі №33 тұрғын үйі аумағындағы спорт кешенінің және балалар ойын алаңдарының құрылысы»; Мердігер «БатысКотлоМонтаж» ЖШС-гі – Нысанның жалпы құны – 24,038  млн.теңге.

         8. БҚО, Орал қаласының Киров атындағы қалалық саябақтың оң жақ жағалауы аумағындағы спорт кешенінің және балалар ойын алаңдарының құрылысы»; Мердігер «Марасант» ЖШС-гі – Нысанның жалпы құны – 75,784  млн.теңге.

         9. «БҚО, Орал қаласының Достық даңғылы №249 тұрғын үйі аумағындағы спорт кешенінің және балалар ойын алаңдарының құрылысы»; Мердігер «Марасант»ЖШС-гі - Нысанның жалпы құны – 38,837  млн.теңге.

          10. «БҚО, Орал қаласының Қонаев көшесіндегі №49, 50, 51, 52, 53 тұрғын үйлері аумағындағы спорт кешенінің, балалар ойын алаңдарының және скейт саябағының құрылысы»; Мердігер «Марасант ЖШС-гі - Нысанның жалпы құны – 47,952 млн.теңге.